jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстау облысында теміржол вокзалының 43 жастағы қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

    теміржол
    Теміржол. Көрнекі фото: pexels.com

    Маңғыстау облысында теміржол вокзалының 43 жастағы қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды. Оның денесін станция басшысы тауып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ магистральдық желі дирекциясына сілтеме жасап.

    Желі дирекциясының баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 5 шілдеде шамамен сағат 09:10-да магистральдық желінің Маңғыстау бөлімшесі №13 кірме жолының станция бастығы 1983 жылы туған кірме жол кезекшісін жұмыс орнында ес-түссіз жатқан жерінен тапты.

    Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жедел жәрдем бригадасы ер адамның қайтыс болғанын растады.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеп-тексеру жүргізуде", - деді ведомство өкілдері.

    Маңғыстау облысында теміржол вокзалының 43 жастағы қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.