jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақын әрі аудармашы Нұртас Исабаев өмірден озды

    Нұртас Исабаев
    Нұртас Исабаев. Фото: Қазақстан Жазушылар одағы баспасөз қызметі

    Ақын, аудармашы, мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Исабаев 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады.

    Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткері" төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, "Құрмет" орденінің иегері.

    Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын аудандық газетте корректор болып бастаған. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған.

    Нұртас Исабаевтың алғашқы жыр жинағы "Бастау" 1980 жылы жарық көрді. Кейін "Өмірді сүю" (1987), "Ұлылықпен сырласу" (1990), "Қимаймын сені" (1998), "Өмірге құштарлық" және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманға жол тартты. Ақынның бірқатар өлеңдері "Разбег" атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.

    "Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады!", - делінген хабарламада.

    Ақын әрі аудармашы Нұртас Исабаев өмірден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.