jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақмола облысында көлік суға сырғып кетіп, ішінде отырған екі кішкентай қыз көз жұмды

    көл
    Көл. Көрнекі фото: instagram.com/aqmola_tjd

    Ақмола облысында көлікпен суға батып кеткен екі қыздың өліміне қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиға сенбі күні, Целиноград ауданындағы су басқан карьерлердің бірінде болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Отбасы су жағасына демалуға барғанда, 9 және 12 жастағы әпкесі мен сіңлісі киім ауыстырмақ болып, жағалауда тұрған көлікке мінген. Сол сәтте автомобиль өздігінен төменге қарай сырғып, суға құлаған. Балалардың әкесі қыздарын құтқаруға ұмтылғанымен, өкінішке қарай, еш нәтиже шықпады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар судан машинаны алып шықты. Оның ішінен екі баланың денесі табылды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтеншеліктер мұндай жағдай қауіпсіздік шарасын сақтамаудан болатынын айтады.

    "Шомылу маусымы басталғалы, Ақмола облысында 15 адам суға кеткен. Оның екеуі - бала. Барлық қайғылы жағдай суға түсуге рұқсат етілмеген жерде болған. Мыңға жуық рейд, алдын алу жұмысын жүргіздік. Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Ешқашан ішімдік ішкен күйі суға түспеңіздер.

    Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Ақмола облысында көлік суға сырғып кетіп, ішінде отырған екі кішкентай қыз көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.