ІІМ 69 баланың өлімінен кейін ата-аналарға маңызды үндеу жасады (видео)
Жарияланған күні:
Шомылу маусымы басталғалы бері Қазақстанда 69 балаға суға батып, көз жұмған. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасап, су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде тіркелді.
"Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар, оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер, аптап ыстықтан кейін, бірден суық суға түспеңіздер", - деді ІІМ профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов.
Министрлік тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
"Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды.
Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен өз жауапкершіліктеріңізде екенін ұмытпаңыздар!" - деді Арман Саданов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2400212-iim-69-balanyng-oliminen-keiin-ata-analarga-mangyzdy-undeu-zhasady-video/