jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Талдықорғанда 14 жастағы қыз тереңдігі төрт метрлік құдыққа құлап кетті (видео)

    Талдықорғанда құдыққа құлап кеткен жасөспірім
    Талдықорғанда құдыққа құлап кеткен жасөспірім. Кадр видеодан: instagram.com/zhetysu.police

    Талдықорғанда 14 жастағы қыз ашық жатқан терең құдыққа құлап кетті. Жетісу полициясының хабарлауынша, құдықтың тереңдігі шамамен 4 метр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға түнгі уақытта болған. Түнгі сағат 00:00 шамасында 14 жастағы қыз ашық жатқан, шамамен төрт метрлік құдыққа құлап кеткен.

    Жетісу облыстық полициясының дерегінше, оқиға орнына патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, "Беркут-163" және "Беркут-164" экипаждары жетіп, қызды арқанның көмегімен аман-есен шығарып алған.

    "Зардап шеккен қыз дәрігерлерге тапсырылды. Кейін қауіпті құдықты жабу бойынша тиісті шаралар қабылданып, ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

    Талдықорғанда 14 жастағы қыз тереңдігі төрт метрлік құдыққа құлап кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.