jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодар облысында алты адамның қаза болғаны туралы ақпарат тарады: полиция мен жедел жәрдем қызметі пікір білдірді

    кәріз құдығы
    Кәріз құдығы. Иллюстрациялық фото: DenBoma/Getty Images

    Желіде Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында 6 адамның қаза болғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция мен жедел жәрдем қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жоламан ауылындағы ЖШС-де кәріз құдығындағы электр сорғысында шыққан ақауды жою жұмыстары кезінде алты адам қаза болды деген хабарламаны тексеріп жатырмыз. Тағы бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген", - делінген Telegram-дағы kerek.pv арнасында жарияланған хабарламада.

    Павлодар облысының полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    "ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп толықтырды ведомстводан.

    Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы 1988 жылы туған пациенттің орташа дәрежеде көмірқышқыл газынан улану белгілерімен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылғанын мәлім етті. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, облыс орталығына тасымалдауды қажет етпейді.

    Сондай-ақ Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Ақтоғай ауданындағы ЖШС-нің бірінің аумағында алты адамның қаза болғанын растады.

    "Шақырту 20 шілдеде сағат 12:01-де Ақтоғай ауданы Жоламан ауылындағы ЖШС-нің бірінен түсті. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қайтыс болғанын тіркеді. Тағы бір 1988 жылғы ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп мәлімдеді "103" қызметінен.

    Павлодар облысында алты адамның қаза болғаны туралы ақпарат тарады: полиция мен жедел жәрдем қызметі пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.