Қарағанды облысында екі бірдей бала терезеден құлап кетті
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында екі бірдей бала терезеден құлап кетті. Бүлдіршіндердің жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Қайғылы оқиғаның бірі Теміртау қаласында болды. 5 жастағы қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Екінші зардап шеккен бала 2 жаста. Ол Қарағанды қаласында қонақта жүріп үшінші қабаттан құлады.
Балақайлар түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық балалар клиналық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары ауыр. Төтенше жағдайлар департаментінің есебінше күн жылынғалы осымен 29 бала терезеден құлап отыр.
"Өткен демалыс күндері балалардың терезеден құлауына байланысты 2 оқиға тіркелді. Қайғылы жағдай Қарағанды қаласының 12 шағын ауданында болды. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылғы қыз бала 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Оқиға кезінде қызға қарап отырған әпкесі көрші бөлмеге шығып кеткен. Ұқсас жағдай Теміртау қаласында болды", - дейді облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Темірлан Айтжан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2401937-qaragandy-oblysynda-eki-birdei-bala-terezeden-qulap-ketti/