jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда балконнан құлап кеткен 21 жастағы жігіт қаза тапты

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Кадр: "Астана" арнасы

    Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт аптап ыстыққа қарамастан, сырт киіммен жүрген көрінеді. Полиция осы және өзге де мән-жайлар жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

    "Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың ықтимал себептерін анықтауда. Сондай-ақ марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр", - дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Алматыда балконнан құлап кеткен 21 жастағы жігіт қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.