Қазақстандағы ірі кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Алтыналмас АК" АҚ-ға қарасты "Пустынное" ТБК аумағында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Компанияның мәліметінше, 23 шілде 11:30 шамасында "Алтыналмас АК" АҚ өндірістік нысандарының бірі – "Пустынное" ТБК аумағында адам өліміне әкелген жазатайым оқиға болған.
"Пустынное" ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза тапқан.
"Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз. Компания оның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар компания өкілдері оқиға туралы тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
"Оқиғаның нақты мән-жайларын бұрмалайтын және ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі ықтимал жалған немесе тексерілмеген ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеміз.
Тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды және тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен компанияның баспасөз қызметі ұсынған ресми деректерге ғана сүйенуді сұраймыз", - деп мәлімдеді "Алтыналмас АК".
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2403506-qazaqstandagy-iri-kasiporynda-zhumysshy-qaza-tapty/
