jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Көкшетауда 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

    жедел жәрдем қызметі
    Жедел жәрдем қызметі. Көрнекі фото: pexels.com

    Көкшетауда ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде 18 жастағы жігітті ток соғып, көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

    Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 шілдеде Көкшетауда 2008 жылы туған жігіттің электр тогы соғуы салдарынан қаза тапқаны белгілі болды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Тәшенов көшесіндегі ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде металл профиль электр беру желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан жас жігіт өте ауыр электр жарақатын алды. Оның жанында болған кәмелетке толмаған жасөспірім де электр жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.

    Оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Тергеу нәтижесі бойынша қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда, кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді полиция.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екінші зардап шеккен жасөспірім көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

    "Науқастың жағдайы тұрақты. Өміріне тікелей қауіп жоқ. Ол бірнеше сағат жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі уақытта барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр", – деді дәрігерлер.

    Көкшетауда 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.