jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қапшағай су қоймасында жас жігіт өзгені құтқарамын деп өзі қаза тапты

    Андрей Козятинский
    Андрей Козятинский. Фото: instagram.com/berdikhanov_askhat

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Қапшағай су қоймасында болған қайғылы оқиға жайлы хабарлады: жас жігіт суға кетіп бара жатқан демалушыны құтқарамын деп өзі қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қала басшысы бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

    "Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Филиппович Козятинскийдің Қапшағай су қоймасында өзгені құтқарамын деп, өз өмірін қиғаны туралы қайғылы хабарды ауыр қабылдадым. Бұл ерлік – батылдық пен жанқиярлықтың, жоғары адамгершіліктің нағыз үлгісі", - деп жазды әкім.

    Оның айтуынша, Андрей өз қауіпсіздігін ойламастан, қиын жағдайға тап болған адамға көмекке ұмтылған.

    "Мұндай қадамға тек жүрегі кең, мінезі мықты адам ғана бара алады. Қонаев қаласының тұрғындары атынан Андрейдің әкесіне, бауырына, туған-туыстарына және оны танып-білген барша жақын адамдарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл орны толмас қайғыны бастан кешіп отырған отбасына қолдау сөздер жолдаймын", - деп жазды қала әкімі.

    Қапшағай су қоймасында жас жігіт өзгені құтқарамын деп өзі қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.