jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түркістан облысында құтқарушылар тауда қаза болған адамның денесін төменге түсірді

    тікұшақ
    Тікұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Түркістан облысының құтарушылары тау шыңына шығып, қаза болған ер адамның денесін төменге түсірді. Шұғыл көмекті теңіз деңгейінен 2400 метр биікте қалып кеткен жанындағы екінші адам шақырған екен, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Құтқару операциясы Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы тауының Шүнкілдек асуында өтті. Шұғыл көмек шақырған ер адам тау басында бірге болған досының денсаулығы күрт нашарлап, қайтыс болғанын хабарлаған. Өзі де биіктен түсе алмайтынын айтып құтқарушылардан көмек сұрапты.

    Таулы жерге тікұшақпен төтеншеліктер жедел жетіп, шың басынан 33 жастағы азаматты алып түсті. Сондай-ақ тауда жүріп демі таусылған 48 жастағы азаматтың денесі жеткізілген.

    "Тікұшақтың көмегімен жетуі қиын таулы аймақтан 1993 жылы туған ер адам эвакуацияланды. Оны қауіпсіз жерге жеткізгеннен кейін жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Госпитализация қажет болмады. Сондай-ақ таудан 1978 жылы туған ер адамның денесі түсірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол денсаулығының күрт нашарлауы салдарынан қайтыс болған", - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Түркістан облысында құтқарушылар тауда қаза болған адамның денесін төменге түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.