jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақмола облысында биік жардан секірген 20 жастағы жігіт қаза тапты

    Суға секіру
    Суға секіру. Көрнекі сурет: pexels.com

    Ақмола облысы Есіл ауданындағы Калачи ауылының маңында қайғылы оқиға болды: СҚО-дан келген 20 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның алдын ала мәліметінше, 30 шілдеде жас жігіт биік жардан суға секіруді ұйғарған.

    Болжам бойынша, секіру кезінде ол басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған, содан кейін оны ағыс алып кеткен. Іздеу жұмыстары жүргізілді.

    Нәтижесінде бүгін оның денесі оқиға орнынан 200-250 метр қашықтықта судан табылды.

    Ақмола облыстық ТЖД бұл жердің шомылуға тыйым салынған аймақ екенін атап өтті.

    Ақмола облысында биік жардан секірген 20 жастағы жігіт қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.