jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте үш жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті

    Тереза алдындағы бала
    Тереза алдындағы бала. Иллюстрациялық фото: Fajrul Islam/Getty Images

    Бүгін Шымкентте қайғылы оқиға болды – 9-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен бала көз жұмды, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, оқыс жағдай Шымкенттің Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағыауданында болған.

    "2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, көз жұмды", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте тоғыз бала терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың төртеуі көз жұмса, бес бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.

    Осыған байланысты Шымкент ТЖД ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырады.

    Сонымен қатар ТЖД еске салады:

    • масаға қарсы тор баланы құлаудан қорғамайды және оның салмағын көтере алмайды;
    • терезе маңына баланың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаз қоймау;
    • терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғылар орнату;
    • балаларға ашық терезенің қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отыру.
    Шымкентте үш жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.