Петропавлда терезеден құлаған 5 жасар бала ауруханада жатыр
Жарияланған күні:

Петропавлда бес жасар бала жоғарыдан құлап, опат бола жаздады. Оқиға қонақ үйде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүлдіршін қазір дәрігерлердің бақылауында. Оған бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Одан бөлек денесінің бірнеше жерінен соққы алған. Құқық қорғау органдары қазір жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Баланың ашық терезеге қалай барғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұл – биыл Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген оныншы жағдай.
"Балаға бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Сонымен қатар оң жақ жамбасынан, балтырында және табанында соққыдан жарақаттар мен гематомалар бар. Қазір бала төсек режимін сақтауда. Ем-домды бекітілген хаттамаға сәйкес алып жатыр. Әзірге хирургиялық араласу қажет болған жоқ. Алайда жағдайына байланысты қажеттілік туындаса, тиісті ота жасалады", – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2410871-petropavlda-terezeden-qulagan-5-zhasar-bala-auruhanada-zhatyr/
