jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жер үйдің аумағындағы септикке құлап кеткен": Оралда 8 жасар қыз көз жұмды

    аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: skaman306/Getty Images

    Орал қаласында 8 жасар қыз мерт болды. Алдын ала мәлімет бойынша қыз бала жер үйдің аумағындағы септикке құлап кеткен, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    БҚО ПД-ның баспасөз қызметі агенттікке мәлім еткендей, 2018 жылғы қыз баланың жазатайым оқиғаға ұшырағаны жөнінде хабарлама 10 тамызда келіп түскен.

    Алдын ала мәлімет бойынша қыз бала жер үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болған.

    "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлаған ведомстводан.

    "Жер үйдің аумағындағы септикке құлап кеткен": Оралда 8 жасар қыз көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.