jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

    Ер адам суға батып бара жатыр
    Суға батып бара жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tobolinfo-ға сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған.

    Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

    "Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерді. Екінші қыз суда қалып қойды. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кетті", - делінген хабарламада.

    Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамызда кешке қарай тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.

    Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.