Шетелдік туристер Алматы облысының тауларынан адам сүйектерін тауып алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцов мұздығында Беларусьтен келген туристер тобы адам сүйектері мен туристік жабдықтарды тауып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Анастасия Ахметова Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, 16 тамызда Беларусьтен келген достары таудағы екі апталық жорықтан оралып, Северцов мұздығынан табылған адам сүйектері түсірілген видеоны көрсеткен.
Координаттар, фото және видеоматериалдар 109-ға (бірыңғай диспетчерлік қызметке) жолданған. Кейін ол Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласқан.
Автор бұл бағыттағы мәйіт туралы ақпарат 2025 жылғы ресейлік туристік топтың есебінде де кездескенін атап өтті. Оның болжамынша, сүйектер мұздықта бірнеше маусым бойы жатуы мүмкін. Осы уақыт ішінде ол жерден кем дегенде бірнеше туристік топ өткен.
"Мәйітті мұздықтан түсіріп, марқұмның жеке басын анықтау, сүйектерін туыстарына беру, тіпті ДНҚ-сараптамасын жасау қажет екені түсінікті", - деп жазды Анастасия Ахметова.
Ол ТЖД-дан қандай шаралар қолға алынып жатқанын және адам сүйектері қашан түсірілетінін сұрады.
Алматы қалалық ТЖД NUR.KZ тілшісіне бұл өтініштің қаралып жатқанын мәлім етті.
"Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр. Белгіленген рәсімдерге сәйкес, әрі қарайғы іс-қимыл тартібі полиция қызметкерлерімен келісіледі, соның ішінде оқиға орнына бару, тексеру жүргізу және тиісті мәліметтер базасын тексеру мәселелері бар.
Барлық мән-жай анықталып, жағдай бағаланғаннан кейін әрі қарайғы іс-қимылдар туралы шешім қабылданады", - деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2414709-sheteldik-turister-almaty-oblysynyng-taularynan-adam-suiekterin-tauyp-aldy/
