jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    ШҚО-да жаз басталғалы 10 адам суға кетті

    Суға бату
    Суға бату. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Шығыс Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті. Құтқарушылардың айтуынша, демалушының көбі тыйым салынған жерлерде шомылады. Қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарайды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

    Арнайы рейд кезінде 21 адамға айыппұл салынды. Олардың ішінде жағажайда баласын қараусыз қалдырғандар да бар. Мамандар "оқыс оқиға көбейе ме" деп алаңдап отыр. Себебі аптап ыстыққа байланысты шомылу маусымының мерзімі 15 қыркүйекке дейін ұзартылды.

    Айта кетейік, қазір шағын кеме жүргізушілеріне де талап күшейтілген. Демалушыларға қауіп төндіргендер жауапкершілікке тартылады .

    "Су айдындарында шағын көлемді кемемен жүзу талаптарына көз жұма қараған 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Суға батып кете жаздаған 25 адам құтқарылды. Жалпы биыл аптап ыстық қыркүйектің ортасына дейін жалғасады. Демек сақтық шараларына салғырт қарауға болмайды. Тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес береміз", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

    ШҚО-да жаз басталғалы 10 адам суға кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram