Алматыда құрылыс жұмыстары қайғылы жағдайға ұласа жаздады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматының Медеу ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы басынан ауыр жарақат алды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство Instagram-дағы парақшасында мәлім еткендей, оқиға туралы хабарлама 102 пультіне түскен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, нысанда монтаждау жұмыстары жүргізілген. Жұмысшылардың бірі гипсокартон элементтерін бекіту үшін құрылыс монтаждау пистолетін пайдаланған. Бір сәтте бекіткіш материалды тесіп өтіп, жанында тұрған әріптесіне тиген.
Ер адам басынан жарақат алып, Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастаған.
"Полиция қызметкерлері оқиғаның нақты қалай болғанын, нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағанын, сондай-ақ жұмыстарды ұйымдастыру мен бақылауға кім жауапты болғанын анықтайды.
Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2416452-almatyda-qurylys-zhumystary-qaigyly-zhagdaiga-ulasa-zhazdady/
