Риддерде 13 жастағы қыз мототехникамен арқандаулы атқа соқтығысып мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Риддерде 13 жастағы қыз мототехникамен арқандаулы атқа соғылып, көз жұмды. Жануардың иесі полицияға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Риддерде спорттық мототехника жүргізген 13 жастағы қыз қайтыс болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім тұрғын үй маңындағы бағанға байланған аттың арқанына соғылды. Көлік құралын жүргізген жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. 15 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады ПД өкілдері.
Риддер қалалық полиция басқармасы абайсызда кәмелетке толмаған адамның өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жануардың иесі табылып, полиция бөліміне жеткізілді.
"Қылмыстық істі тергеу барысы ШҚО ПД бастығының бақылауында. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал жаю ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз. Автомобиль жолдарының маңында мал жаюға және айдауға тыйым салынады", - деп толықтырды полиция.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2417594-ridderde-13-zhastagy-qyz-mototehnikamen-arqandauly-atqa-soqtygysyp-mert-boldy/
