jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сырдарияға суға кеткен ағайындылар: ағасының да денесі табылды

    Сырдария өзені
    Оқиға болған жер. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

    Оқиға 22 тамызда Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1998 және 2002 жылы туған екі ағайынды суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Шомылу кезінде 24 жастағы азамат суға батып, інісін құтқаруға ұмтылған 28 жастағы ағасы да суға кеткен, деп хабарлайды kazinform.

    Басылымның жазуынша, оқиға туралы хабар түскеннен кейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздестіру жұмыстарын бастады. Оған Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар мен марқұмдардың туыстары қатысты.

    Іздеу жұмыстарына 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрон жұмылдырылды.

    Облыстық ТЖД мәліметінше, 24 тамызда шомылған жерден шамамен 6 шақырым қашықтықтан 2002 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан шығарылды.

    "Ал 25 тамызда іздестіру жұмыстары барысында оқиға орнынан шамамен 30 шақырым жерден 1998 жылы туған екінші азаматтың денесі су бетінен табылды. Осылайша, Сырдария өзеніндегі іздестіру жұмыстары аяқталды. Екі азамат та қаза тапты", – делінген ресми хабарламада.

    Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды суға түсуге тыйым салынған орындарда шомылмауға және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Сырдарияға суға кеткен ағайындылар: ағасының да денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.