40 шақты шағым түсті: Риддерде аю адамға шабуыл жасады
Жарияланған күні:

Риддердегі омартада жұмыс істеп жүрген азаматқа аю аяқ асты тап берген, деп хабарлайды "Хабар" Агенттігі.
Абырой болғанда қасындағы адамдар көмектесіп, ер адам ажал тырнағынан аман қалды. Дегенмен түрлі жарақат алған азамат ауруханаға жеткізіліп, емделіп шыққан. Мамандардың айтуынша, өлкеде қазір аю көбейіп кеткен. Түз тағысы ауыл-аймақты иектеп жүр.
"Тұрғындардан жалпы 40 шақты шағым түсті", - дейді орман және аңшылық шаруашылығының өкілдері.
Олар әсіресе Алтай, Риддер, Ұлан, Марқакөл жақта жиі ұшырасады. Сарапшылардың пікірінше, жыртқыштардың елді мекендерді төңіректеуіне азық қорының аздығы себеп болып отыр.
"Жағдай сол былтырғыдай болып тұр. Көктем ұзаққа созылды, жаз құрғақ. Орманда саңырауқұлақ, жидек жоқ. Оның үстіне тұрғындар ауыл шетіне апарып тамақ қалдықтарын, қоқыс үйіп тастайды. Ал оның иісін аш жүрген аң бірден сезеді. Инспекторлар шағым бойынша өңірлерге шығып үркіту жұмыстарын жүргізіп жүр", - дейді ШҚО Орман және аңшылық шаруашылығы Жедел қимыл отряды бастығының орынбасары Сергей Карманников.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2418945-40-shaqty-shagym-tusti-ridderde-aiu-adamga-shabuyl-zhasady/
