jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада бес жасар бала терезеден құлап кетті

    Терезе қасында отырған бала
    Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Астанада бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеруден кейін ата-анасы баланы ауруханаға жатқызудан бас тартқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің дерегінше, жедел жәрдем бригадасы екінші қабаттан құлаған баланы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізген.

    Балаға қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, бейінді мамандар тексерді. Ата-анасы баланы стационарға жатқызудан бас тартты.

    "Тексеру мен зерттеуден кейін ата-анасы баласын ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тиісті қолхат алынды. Ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

    Астанада бес жасар бала терезеден құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram