"Кенеттен жел көтеріліп кетті": Каспий теңізінде сапбордпен жүзген екі бала жоғалып кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Каспий теңізінде сапбордпен жүзген екі бала жоғалып кетті. Маңғыстау облысының тұрғындары балаларды өз бетінше іздеп, аман-есен тауып алды, деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Маңғыстау облысындағы ерікті Бекзат Сейдахмет Instagram желісіндегі парақшасында Каспий теңізінде екі баланы құтқару сәті түсірілген видео жариялады.
"Бүгін, яғни 27 тамызда сағат 08:32 шамасында Қызылөзен ауылдық WhatsApp чатына ауыл тұрғыны Бейсенбек ағамыздан көмек сұраған аудио келіп түседі. Теңіз жағасына келген демалушылар арасынан 2 жасөспірім жағада сапбордпен қыдырып жүріп, кенет жел көтеріліп6 тереңге қарай ығып кетеді.
Оқиғаны естіген ауыл азаматтары бей-жай қарап отырмай, дереу іске кіріседі. Нәтижесінде ауыл тұсынан Форт-Шевченко бағытына қарай шамамен 3 км, жағадан тереңдікке қарай 1.5-2 км шамасында екі жасөспірім құтқарылды.
Осы орайда жағдайды көріп, дер кезінде көмек шақырған Бейсенбек ағамызға және ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көмекке келген Алмас, Ержан, Азамат ағаларымызға алғысымызды білдіреміз", - деп жазды ерікті.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңертең Қызылөзен ауылының маңында сапбордпен жүзген екі баланың теңізге шығып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Құтқарушылардың кезекші тобы оқиға орнына жедел аттанды. Құтқарушылар ауылға жақындаған кезде қалалық жедел-құтқару жасағының басшылығы "кері қайту" туралы нұсқау берді", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Балаларды жергілікті тұрғындар тапқан. Олар моторлы қайықпен теңізге өз бетінше шығып, іздеу жұмыстарын жүргізген. Тұрғындар жоғалған балаларды тауып, жағаға аман-есен жеткізді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2419409-kenetten-zhel-koterilip-ketti-kaspii-tengizinde-sapbordpen-zhuzgen-eki-bala-zhogalyp-ketti-video/
