jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Секіріп өтпек болып, қыстырылып қалған: Алматы облысында ерекше құтқару операциясы жүзеге асты (видео)

    Құтқарушылар оқиға орнында
    Құтқарушылар оқиға орнында. Фото: t.me/qr_tjm

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында ер адам қоршаудан секірмек болып, аяғын жарақаттап алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    Ведомство Telegram-арнасының хабарлауынша, ер адам қоршаудан секіруге әрекеттенген. Сол бойда оның аяғы темір конструкцияға қыстырылып қалды. Ол өз бетінше босап шыға алмады.

    Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары келіп, арнайы құралдардың көмегімен қоршаудың темір элементтерін кесіп, зардап шеккен азаматты босатты.

    Одан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

    Секіріп өтпек болып, қыстырылып қалған: Алматы облысында ерекше құтқару операциясы жүзеге асты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.