jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    ШҚО-да аюдың шабуылынан кейін тірі қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді

    Аю
    Аю. Көрнекі сурет: Silas Stein/picture alliance via Getty Images

    Риддер қаласының тұрғыны Иван Бердюгин аюдың шабуылынан қалай тірі қалғанын айтып берді. Оқиға 29 шілдеде болған, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Сол кеште біз үшеуіміз сиыр іздеп кеттік. Ірі қара аюдан қашып, орманнан шығып жатты. Мен сақтықты ұмытып, аюды қуып жібермек болдым. Аюдың назары біден маған қарай ауыр, мен жаққа қарай жүгірді.

    Бәрі қас қағым сәтте болды, ол шабуыл жасады. Аю кішкентай болатын, шамамен екі жаста. Жанымда екі досымның болғанына шүкір. Олар мені тастамай, аюға таяқпен және қолға түскен заттармен ұмтылды. Осылайша мен аман қалдым", - деді 58 жастағы зардап шегуші.

    Еске сала кетейік, оқиға ШҚО-дағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығынан алыс емес жерде, демалыс базасының маңында болған еді. Зардап шегушімен бірге болған екі ер адам оған аюдан қорғануға көмектескен, аю қашып кетіп, ер адам тірі қалды.

    Дегенмен зардап шегуші бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімшесінде жатты. Риддер қалалық ауруханасының мәліметінше, пациенттің басында, қолдары мен аяқтарында көптеген ауыр жарақат, соның ішінде қолы мен аяғында ығысқан ашық сынықтар болған. 19 тамызда ол ауруханадан шығарылды.

    ШҚО-да аюдың шабуылынан кейін тірі қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.