jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда электросамокат жүргізушісі жиектасқа соғылып, қаза тапты

    Тротуар үстіндегі самокат
    Самокаттар. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматыда түнгі уақытта қайғылы оқиға болды. Электросамокат тізгіндеген ер адам жиектасқа соғылып, қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

    Оқиға Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын маңда болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электросамокатты басқара алмай қалып, жиектасқа соғылған. Қатты құлау салдарынан ол өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алған.

    Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жетіп, ер адамға медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер бірнеше минут бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, алған жарақаттары салдарынан ер адам қаза тапты.

    Алдын ала ақпарат бойынша, ол самокатпен жүрген кезде шлем және өзге де жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    "Самокат жүргізушілері үшін қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды. Қорғаныш дулығасы мен басқа да сақтық құралдары артық талап емес, ең алдымен адамның өз қауіпсіздігі үшін қажет. Кей жағдайда бір сәттік құлау ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Сондықтан жолға шыққанда қауіпсіздікке немқұрайлы қарамаған жөн", - делінген полиция хабарламасында.

    Алматыда электросамокат жүргізушісі жиектасқа соғылып, қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.