Елордада велосипедші жүк көлігінің астына түсті
Жарияланған күні:

Астанада жантүршігерлік жол апаты бір адамның өмірін қиды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Түнгі сағат он бірлер шамасында тротуармен велосипед айдап келе жатқан 46 жастағы әйел көше қиылысында кенеттен рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан ол сол маңнан өтіп бара жатқан "Газель" жүк көлігінің астына құлаған.
Алған ауыр жарақаттан тұрғын оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қазір бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2421096-elordada-velosipedshi-zhuk-koligining-astyna-tusti/
