Маңғыстау облысында пойызға отырып жатқан жолаушы қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Маңғыстау – Орал" бағытындағы №613 пойызда қайғылы оқиға болды. Жағдайы нашарлаған жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, оқиға кеше, 3 қыркүйекте, Маңғыстау станциясында болған.
Пойызға отырып жатқан ер адамның денсаулығы күрт нашарлаған.
Болған жайт туралы вокзал кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне дереу хабарланды. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.
Өкінішке қарай келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын растады.
Қазіргі таңда Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері барлық қажетті процессуалдық іс-шараны жүргізді. Оқиғаға байланысты пойыз вокзалдан кешігіп аттанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2423314-manggystau-oblysynda-poiyzga-otyryp-zhatqan-zholaushy-qaitys-boldy/
