jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақмола облысында аңшылық кезінде ер адам оқ жарақатынан көз жұмды

    мылтық
    Мылтық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысында аңшылық кезінде мылтықтан абайсызда оқ атылды. Салдарынан 64 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, 6 қыркүйеке Зеренді ауданының аумағында аңшылық кезінде оқыс оқиға тіркелді. Көкшетау тұрғынына тиесілі аңшы мылтығынан абайсызда оқ атылған.

    Оқ тиюі салдарынан 64 жастағы ер адам дене жарақатын алды. Ол оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

    Ақмола облысында аңшылық кезінде ер адам оқ жарақатынан көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram