jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тараз қаласындағы ХҚКО-да ер адам қайтыс болды

    ХҚКО
    ХҚКО. Иллюстрациялық фото: gov.kz

    Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, көз жұмды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы хабарлады.

    Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам ХҚКО-ға сағат 08:30 шамасында келген. Мекеме жұмысы ресми түрде сағат 09:00-де басталғанымен, келушілерге қолайлы жағдай жасау және сыртта күттірмеу үшін ғимаратқа ертерек кіруге рұқсат етілген.

    "Сағат 08:40-та өзіне-өзі қызмет көрсету секторында тұрған азаматтың жағдайы кенеттен нашарлады. ХҚКО қызметкерлері дереу әрекет етіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсеткенімен, азамат қайтыс болған", - деп хабарлады мемлекеттік корпорация өкілдері.

    Оқиға кезінде ғимаратта адам көп болмағаны және ауа температурасы белгіленген талаптарға сай екені атап өтілді.

    Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Тараз қаласындағы ХҚКО-да ер адам қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram