jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Техника төмен қарай жүріп кетті": Алматыда кран құлады

    Шығыс айналма жолы
    Шығыс айналма жолы. Кадр видеодан: КТК телеарнасы

    Алматыда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

    Алматыда кран құлауы салдарынан бір адам ауыр жарақат алды. Еңісте тұрған алып техника өздігінен төмен қарай жүріп кеткен. Оны тоқтатамын деп зардап шеккен ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

    Апат Шығыс айналма жолында болған. Автокран жүк көтеру үшін таңғы уақытта құрылыс алаңына келген екен. Жүргізуші шылым шегуге сыртқа шыққанда, техника кенеттен төмен қарай жүріп кетеді.

    Екі қызметкер кабинаға кіріп тоқтатуға тырысқанымен, кран алдындағы бетон блок пен қоршауларды түгел қиратып, жаяу жүргіншілер жолына жеткенде бір-ақ тоқтаған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жүргізіп жатыр.

    "Техника төмен қарай жүріп кетті": Алматыда кран құлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram