jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, ер адам қаза тапты

    дөңгелек
    Дөңгелек. Көрнекі фото: pixabay.com

    Марқұм жергілікті техникалық қызмет көрсету стансасында қызмет еткен. Полиция еңбекті қорғау заңнамасын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды kazinform.

    "Адам өліміне соқтырған жазатайым оқиға облыс орталығында тіркелді. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүк көлігінің дөңгелегін үрлеп, орнату кезінде шина жыртылып кетіп, салдарынан станса қызметкері ауыр жарақат алып, қаза тапқан", - деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге шақырту 7 қыркүйек күні сағат 10.30-да түскен. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтаған. Денсаулық сақтау басқармасы жарақаттың нақты сипатын жариялаған жоқ.

    Қазіргі уақытта комитет мамандары қайғылы оқиға бойынша тергеу-тексеру жүргізіп жатыр. Оның барысында адам өліміне соқтырған жағдайдың мән-жайы мен себептері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы анықталады.

    Облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полиция департаментінен.

    Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, ер адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram