jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Петропавлда элеваторда 18 жастағы жұмысшының аяғы иірменнің ішіне түсіп кетті

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Петропавлда элеваторда тағы төтенше жағдай болды. 18 жастағы жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Астықты тасымалдайтын қондырғыны жылжыту кезінде иірме жас жігіттің аяғын іліп алып кеткен. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалады.

    "Ең алдымен жарақаты, барлығы тазаланғаннан кейін, сол жақ аяғының балтырының артериялық тамырларына протездеу жүргізілді. Яғни қан ұйып қалған. Қан жүрмегендіктен, аяғына толық операция жасалды. Қан айналымы қалпына келтірілді", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

    Науқастың жұмысқа тұрғанына бір ай ғана болған екен. Еңбек инспекциясы комиссия құрып, тексеріс жүргізбек. Айта кетейік, бұл екі аптаның ішінде элеваторда болған үшінші жағдай.

    "Қазір комиссия бұл жағдайдың себебін анықтап жатыр. Оның барысында жауапты тұлғалардың кінәсі пайыздық көрсеткіш бойынша белгіленетін болады. Тексеріс жұмысы 10 күн жүргізілмек", - дейді СҚО еңбек инспекциясы департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әсел Абдуғалиева.

    Петропавлда элеваторда 18 жастағы жұмысшының аяғы иірменнің ішіне түсіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram