jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Орындыққа шыққан": Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған бала тірі қалды

    Терезе жанында тұрған балалар
    Терезе жанында тұрған балалар. Көрнекі сурет: Mariyariya/Getty Images

    Павлодарда бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі тағы бір бала биіктен құлағанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиға 9 қыркүйекте сағат 21:00 шамасында Павлодар қаласында тіркелген.

    "Кәмелетке толмаған бала көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы пәтердің балконынан құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала балконда болған. Ол орындыққа шығып, терезеден құлаған", - делінген хабарламада.

    Бала тірі қалды, бірақ оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

    Өңірлік ТЖД дерегінше, жыл басынан бері облыста осындай алты оқиға тіркелді. Оның екеуі балалардың өлімімен аяқталған.

    Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарды балаларды ашық терезелер мен балкондарда қараусыз қалдырмауға шақырады.

    "Терезе жанына бала шығып кете алатын жиһаздар мен басқа да заттарды қоймаңыздар. Терезелерге сенімді құлыптар, торлар немесе ашылуын шектейтін құрылғылар орнату қажет", - делінген хабарламада.

    "Орындыққа шыққан": Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған бала тірі қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram