jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда жол жиегінде тұрған жүк көлігі өздігінен жүріп кетті: жүргізуші жарақат алды (видео)

    Өздігінен жүріп кеткен жүк көлігі
    Өздігінен жүріп кеткен жүк көлігі. Кадр видеодан: instagram.com/almaty.police

    Алматыда жол жиегінде тоқтап тұрған ауыр жүк көлігі өздігінен жүріп кетіп, салдарынан бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды қалалық полиия департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқыс оқиға 9 қыркүйек таңертең Медеу ауданында, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі мен Шығыс айналма автомобиль жолының (ШҮАЖ) қиылысында орын алған.

    Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 41 жастағы жүргізуші МАЗ маркалы жүк көлігін жол бойына қалдыру кезінде қауіпсіздік шараларын толық сақтамаған.

    "Қозғалысқа түскен ауыр көлік әуелі бетон бөгеттерге соғылып, кейін арыққа бір-ақ құлаған. Жүргізуші өздігінен кеткен көлікті тоқтатуға ұмтылғанымен, өзі жарақат алып қалды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадысы зардап шеккен азаматты облыстық ауруханаға жеткізді", – делінген полиция хабарламасында.

    Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүргізуші аман.

    Алматыда жол жиегінде тұрған жүк көлігі өздігінен жүріп кетті: жүргізуші жарақат алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram