jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт аумағы ұлғайды

    Петропавл маңындағы өрт
    Петропавл маңындағы өрт. Кадр видеодан: instagram.com/tipichka_petro

    Петропавл маңында тұтанған өртті сөндіру үшін Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен техникасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

    Әлеуметтік желіде өрттің бейнежазбалары тарады.

    Видеодан өрттің үлкен аумаққа жайылғанын көруге болады.

    СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының арғы жағында, Шаховское ауылының маңында басталған.

    "Құрғақ өсімдік өртеніп жатыр. Оқиға орнына қазір департаменттің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Жағдай бақылауда", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

    Бүгін өңірде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрды. Бұл да жалынның жайылуына әсер етті.

    Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт аумағы ұлғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram