Павлодар облысында қайық аударылды: бір адам жоғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Павлодар облысында 12 қыркүйекте бес адам мінген алюминий қайық аударылды. Олардың біреуі жоғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне хабарлама 12 қыркүйекте түскен. Жаңауыл ауылының маңында бес адам мінген алюминий қайық аударылған. Төртеуі жағаға шыға алған. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті деп болжануда.
Іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы және 2 эхолот жұмылдырылды. Екі күн ішінде эхолотпен Ертіс өзенінің түбінен шамамен 35 шақырым жер тексерілді. Сондай-ақ сүңгуірлер 11 рет түсіп, шамамен 5000 шаршы метр аумақты қарап шықты.
Іздеу шаралары жалғасуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2427097-pavlodar-oblysynda-qaiyq-audaryldy-bir-adam-zhogaldy/
