jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Мәйіттер табылған": Тараз қаласының орталығын қалың қамыс басты

    Тараздағы қалың қамыс
    Тараздағы қалың қамыс. Фото: "Астана" телеарнасы

    Тараз қаласының қақ ортасын қамыс басты. Тұрғындар қараусыз қалған Қарасу каналының маңынан өту мұңға айналғанын айтады. Өйткені қаңғыбас иттер мен маскүнемдердің мекеніне айналған бұл жерде қылмыс жиі тіркеліп, тіпті мәйіттер де табылып жатады екен. Қалың қамыстан кісі бойы көрінбей қалған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    "Итке таланғандардың бірі менмін. Мысалы, осы биыл көктемде жұмыстан қайтып келе жатқанда бәленбай ит тап берді", — дейді қала тұрғыны Райхан Меңлібекова.

    Тағы бір тұрғын Балқия Байтөлеева да бұл маңның қауіпті екенін айтып, шағымын білдірді.

    "Мына жер жағалау болады деген уәде бар еді. Ол неге екені белгісіз жоқ болып кетті. Кешке жақын, әсіресе қыс айында бұл жерден өту мүмкін емес. Бұрын бір емес, екі адамның денесі табылды", — дейді ол.

    Өткен жылы қала әкімдігі бұл жерге бір жарым шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын саламыз деп тұрғындарды қуантқан. Алайда әлі күнге жағдай еш өзгермеген.

    Шенеуніктер болса мәселені жақын арада шешуге уәде беріп отыр. Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары Медет Нұрмаханов:

    «Күзгі екі айлық тазалық-санитарлық жұмыстарына байланысты бүгіннен бастап қамыстар орылатын болады. Сондай-ақ сенбі күні "Таза Қазақстан" акциясы бойынша қалалық әкімдік бөлімдері толығымен келіп, үлкен көлемде ору жұмыстарын жүргізеді", — деп сендірді.

    "Мәйіттер табылған": Тараз қаласының орталығын қалың қамыс басты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram