jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкенттегі зауытта грек-рим күресінен экс-чемпион тоқ соғып көз жұмды

    Әділ Тілектес
    Әділ Тілектес. Фото: instagram.com/adal_adam.kz

    Шымкенттегі өндіріс орнында спортшы Әділ Тілектес тоқ соғып көз жұмды. Полиция департаменті қайғылы жағдайдың мән-жайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшының қазасы туралы ақпарат Telegram-дағы Halyqstan арнасында жарияланды. Автордың жазуынша, Әділ Тілектес абайсызда жоғары кернеулі кабельге жолап кетіп, биіктен құлаған, кейін алған жарақаты салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

    "Спорттағы көптеген жетістігіне, соның ішінде 2019 жылы грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атануына қарамастан, Әділ отбасын асырау үшін кәсіби мансабын аяқтап, Шымкенттегі керамикалық тақта шығаратын зауытқа жұмысқа орналасқан.

    Спортшының есту қабілеті нашар болған. Ол бар болғаны екі жыл ғана жарыстарға белсенді қатысып, кейін күрестен кеткен. Марқұмның артында екі баласы қалды", - делінген жазбада.

    Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қаладағы кәсіпорын аумағында жұмысшының қаза болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамды жұмыс барысында электр тоғы соққан, ол алған жарақатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    ПД өкілдері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

    Шымкенттегі зауытта грек-рим күресінен экс-чемпион тоқ соғып көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram