Қазақстанның батысында өрт сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
БҚО-да өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі Миршат Халиуллин қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты ТЖМ растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушы әріптесі тізгіндеген өрт сөндіру көлігінің астында қалып қойған. Агенттік қайғылы оқиғаның 3 қыркүйекте болғанын, алайда бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жақында ғана тарай бастағанын жазды.
Марқұмның туысы өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі Миршат Марсұлы Халиуллин қызмет бабында қаза тапқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ агентттік тілшісі марқұмның әкесімен хабарласқан. Оның айтуынша, ұлын өрт сөндіру жұмыстары кезінде әріптесі абайсызда көлігімен басып кеткен.
"Өзім оқиғаның қалай болғанын білмеймін, бірақ мән-жайды әріптестері айтып берді. Тау ауылы маңында өрт болған. Бұл туралы ол кезекшілікке түскенде біліп, далалыққа барады. Өрт сөндіру көлігінің рулінде өзімен тетелес бала, бірге ойнап, бірге жүрген әріптесі болды. Екеуі бірге оқыған, бірге жұмысқа тұрды.
Өрт сөндіру жұмыстары кезінде әріптесі абайсызда көлігімен басып кеткен. Жүргізуші түтін кезінде көрмей қалғанын айтып отыр. Айналаны қарап келе жатқан, бір қарағанда көрген, кейін байқамаған. Кешірім сұрады. ТЖД өкілдері келіп көңіл айтты, көмегін ұсынды", - деді ол.
ТЖМ қызметкердің қаза тапқанын растаған.
"Әріптесіміз қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болды. Барлық қажетті көмек берілді. Біздің әрбір қызметкер қашанда министрліктің бақылауында. Ерлікпен қаза тапқан әрбір қызметкердің есімі мәңгі сақталады және әрқайсына әрқашанда көңіл бөлініп, олардың ерлігі үлгі болып қалады", - деп хабарлаған ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2428817-qazaqstannyng-batysynda-ort-sondiru-kezinde-qutqarushy-qaza-tapty/
