Зайсан көлінде қайық төңкеріліп, екі балықшы суға кетті
Жарияланған күні:

Шығыс Қазақстан облысында балықшылар мінген қайық төңкеріліп, екі адам суға кетті. Қазір сүңгірулер Зайсан көлін сүзіп, олардың денесін іздеп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қайғылы оқиға Тұғыл ауыл округінде болған. Үш азамат көл бетіне балық аулау үшін шыққанда қатты дауылдан қайық аударылған.
Жергілікті тұрғындар жағаға жүзген 58 жастағы балықшыны аман-есен алып шықты. Ал оның қасында болған 58 және 31 жастағы екі азамат суға кетті.
Құтқарушылардың айтуынша, олардың үстінде құтқару кеудешесі болмаған.
"ТЖД жедел штаб құрды. Қайық, су асты дроны, эхолот және дронмен іздеп жатыр. Күн райының қолайсыздығы қиындық тудырып жатыр", - дейді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Тұрсынғалиев.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2429289-zaisan-kolinde-qaiyq-tongkerilip-eki-balyqshy-suga-ketti/
