jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    СҚО-да құтқарушылар 90 жастағы қарт әйелді өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

    90 жастағы қарт әже құтқарылды
    90 жастағы қарт әже құтқарылды. Кадр видеодан: t.me/qr_tjm

    СҚО-да құтқарушылар өрт шыққан үйден 90 жастағы әжейді аман алып қалды, деп хабарлайды ТЖД-ның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    СҚО-да Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

    Кешкі уақытта ТЖМ қызметкерлері, жүргізуші Нұрғалиев Жаслан мен өрт сөндіруші Төлегенов Сырлыбай Линейная көшесімен келе жатып, төрт пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан түтін шығып жатқанын байқаған. Олар дереу болған жағдай туралы "112" пультіне хабарлап, үйге бет алды.

    Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін олар түтін басқан пәтерге кіріп, ішінен 1934 жылы туған қарт әйелді тауып, қауіпсіз жерге алып шықты.

    Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден газ баллонын алып шықты. Осылайша оның жарылу қаупінің және өрттің одан әрі таралуының алдын алды.

    Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері №1 пәтерде жылыту пешінің мұржасы маңындағы төбе жабындысының жанғанын анықтады. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    СҚО-да құтқарушылар 90 жастағы қарт әйелді өртеніп жатқан үйден алып шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram