jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да қайық аударылды: суға кеткен екі адамның денесі табылды

    Құтқару жұмыстары
    Құтқару жұмыстары. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде іздестіру жұмыстары аяқталды. Суға батып кеткен екі ер адамның денесі судан шығарылды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде қайық аударылып, салдарынан суға батып кеткен екі балықшыны іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталған.

    ТЖМ-ның мәліметінше, 15 қыркүйекте көлде үш ер адам қайықпен балық аулап жүрген. Кенет қатты желдің салдарынан қайық аударылып қалған. 1968 жылы туған балықшылардың бірі өздігінен судан шыққан, оны жергілікті тұрғындар құтқарып алған. 1968 және 1995 жылдары туған екі ер адам суға батып кеткен. Олардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған.

    Ақпарат келіп түскен сәттен бастап оқиға орнында ТЖМ-ның жедел штабы құрылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Олардың қатарында сүңгуірлер, құтқару катерлері, қайықтар және басқа да жүзу құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, су асты дроны, сондай-ақ жергілікті тұрғындар бар.

    Бүгін іздестіру жұмыстары барысында жергілікті тұрғындар 1968 жылы туған ер адамның денесін тапқан. 1995 жылы туған екінші адамның денесін ТЖМ сүңгуірлері жағадан 8,9 шақырым қашықтықтан тапқан.

    Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. Құтқарушылар көлдің едәуір аумағын, оның ішінде су асты техникалық құралдарын пайдалана отырып тексерген. ТЖМ сүңгуірлері 8 рет суға түскен.

    Құтқару бөлімшелерінің жұмысына көлдің тереңдігі, күрделі жер бедері және су астының нашар көрiнуі қиындық келтірген.

    ШҚО-да қайық аударылды: суға кеткен екі адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram