Шымкентте ер адамның аяғы темір тор арасына қыстырылып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте құтқарушылар аяғы темір тор арасына қыстырылып қалған ер адамға көмекке келді. Бұл үшін арнайы құралдар қажет болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, ер адамның аяғы Айбергенов көшесіндегі арық үстіне орнатылған темір тордың арасына қыстырып алған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен торды ашып, ер адамның аяғын шығарып алды.
Ер адамға медициналық көмек қажет болмады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2429847-shymkentte-er-adamnyng-aiagy-temir-tor-arasyna-qystyrylyp-qaldy-video/
