jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында турист тауда күтпеген жайтқа тап болды (видео)

    Тауда аяғын жарақаттаған турист
    Тауда аяғын жарақаттаған турист. Кадр видеодан: t.me/qr_tjm

    Алматы облысы Қарасай ауданында, теңіз деңгейінен 3674 метр биіктікте орналасқан Каменский шыңында екі турист төтенше жағдайға тап болған. Шыңнан төмен түсіп келе жатқанда туристердің бірі аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмай қалған, деп хабарлайды ТЖМ.

    Шақырту бойынша оқиға орнына Алматы қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жедел жетті.

    Құтқарушылар зардап шеккен турист пен оның серігін тау ішінен "Алма-Арасан" экобекетіне дейін аман-есен алып түсті.

    Құтқару жұмыстары сәтті аяқталып, зардап шеккен туристерге ауруханаға жатудың қажеті болған жоқ. Олар денсаулық жағдайларының жақсы болуына байланысты жолдарын өздігінен жалғастырды.

    Осы оқиғаға байланысты ТЖМ мамандары азаматтарға тауға шығар алдында бағытты мұқият жоспарлап, ауа райы болжамы мен күннің бату уақытын міндетті түрде ескеруді, сондай-ақ белгіленген туристік соқпақтардан ауытқымауды қатаң ескертеді.

    Алматы облысында турист тауда күтпеген жайтқа тап болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram