jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түркістанда 9 айлық бала батарейка жұтып қойды

    Сәби
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облыстық балалар ауруханасында екі батарейка жұтып қойған 9 айлық сәбиге ота жасалды, деп хабарлайды AstanaTV.

    Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бөгде заттың біреуін ота кезінде алған. Ал екінші бөгде зат ішек жолына өтіп кеткен. Сол себепті мамандар сәбидің жағдайын бақылауда ұстап, бірнеше күннен кейін екінші батарейка табиғи жолмен шыққан. 

    "Отадан кейін сәби үш тәулік жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты", – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

    Дәрігерлер ата-аналарға ұсақ заттарды, оның ішінде батарейка мен магниттерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін ескертті.

    Түркістанда 9 айлық бала батарейка жұтып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram