jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Щучинскіде ерлі-зайыптыны үйімен бірге өртеп жіберді: ұлы күдікке ілінді

    Өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Фото: ТЖМ

    Ақмола облысында 39 жастағы ер адам туған анасы мен өгей әкесін үйімен қоса өртеп жіберді деген күдікке ілінді. Оқиға кеше Щучинск қаласында кешкі тоғыз шамасында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Кеше кешке өрт болған жер үйдің шатыры, жарты бөлігі мен қорасы жанған.

    "Сағат сегіз жарым шамасында сиренаның дауысын естідім. Қарасам, бәрі отқа оранып жатыр, Кейін газ баллоны жарылды", - дейді көршісі.

    Полиция қаскөй ұлды дереу ұстаған.

    "Екі адамның қаза болуына әкеп соққан өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді қасақана өртеген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұған дейін ұлы өзінің туған ағасын пышақтап өлтіріп, 6 жыл жазасын өтеп шыққан. Ал марқұм әйел кезінде неміс тілі пәнінің мұғалімі болыпты.

    Щучинскіде ерлі-зайыптыны үйімен бірге өртеп жіберді: ұлы күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram