jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Балық аулауға барған: Зайсан көліне батып кеткен екі адамның денесі табылды

    іздестіру жұмыстары
    Іздестіру жұмыстары. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Зайсан көліне балық аулауға барған екі ер адам суға батып кетті. Олардың денелері табылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

    "ТЖМ күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен қатысты.

    Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты", - делінген хабарламада.

    Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жағалау сызығы мен көлдің акваториясын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, тексерді.

    Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен су бетіндегі толқынға, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірген.

    Балық аулауға барған: Зайсан көліне батып кеткен екі адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram